сәрсенбі, 30 қыркүйек, 2026 14:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада балаларға арналған жаңа травмпункт ашу жоспарланып отыр

Астанада балаларға арналған жаңа травмпункт ашу жоспарланып отыр
ҚР ДСМ
Денсаулық министрлігінің хабарлауынша, Астанада қазан айында жаңа балалар травмпунктін ашу жоспарланып отыр. Ол №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында жұмыс істеп, жарақат алған балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Жаңа травмпунктте реанимация бөлімі мен операциялық блок қарастырылған. Нысан қажетті медициналық жабдықтармен қамтылады. Бұл балаларды қабылдауға қолайлы жағдай жасап, көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Травмпункт балаларға шұғыл көмек көрсететін қызметтің жоғары жүктемесін ескере отырып жобаланған. Елорда ауруханаларын жаңғыртудағы негізгі мақсаттардың бірі — пациенттердің медициналық көмекті күту уақытын қысқарту.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа нысанның құрылыс барысымен танысып, бөлімшелерді жабдықтау және ашуға дайындау мәселелерін қарады.

Министр №1 көпбейінді қалалық аурухананың жаңартылған қабылдау бөлімін де аралады. Мұнда биылғы сегіз айда 19,7 мыңнан астам пациент емделіп, 11 мыңнан астам операция жасалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда операциялар саны артып, пациенттердің ауруханада емделуінің орташа ұзақтығы қысқарған.

2027 жылы №1 аурухананы реконструкциялау жоспарланған. Жоба аясында инфрақұрылым жаңартылып, пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалмақ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар