TikTok желісі арқылы тікелей эфирде құмар ойынын ұйымдастырғандар сотталды
- авторОймақ
- Бүгін, 13:49
- 10
Жетісу облысында төрт тұрғын TikTok желісінде заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін сотталды. Бұл жөнінде прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Іс материалдарына сәйкес, азаматтар тікелей эфир барысында ақша тігіп, карта ойындарын өткізген. Осы заңсыз әрекеті арқылы олар 95 миллион теңге пайда тапқан. Сондай-ақ сотталғандардың бірі қылмыс жасалған уақытта кәмелетке толмағаны анықталды.
Сот шешімімен төрт азамат та заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





