Мұны 26 қыркүйекте Халықаралық шахмат федерациясы Instagram парақшасында хабарлады.
“Тимур Турлов – FIDE-нің 8-президенті”, – делінген федерация хабарламасында.
FIDE Бас ассамблеясының отырысы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатыр. Қазір мұнда шахматтан 46-шы Дүниежүзілік олимпиада ұйымдастырылуда.
Тимур Турловтан бөлек, FIDE президенті лауазымына Үндістан өкілі Вишванатан Ананд, Германиядан Ян Хенрик Бюттнер және Вадим Розенштейн үміткер болды.
Ал Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады. Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, 2026 жылы 20 наурызда Тимур Турловқа “Парасат” ордені табысталған еді. Мемлекеттік награданы премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тапсырған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Бірнеше несиесі бар азаматтарға қарызды өтеу туралы келісім жеңілдеуі мүмкін
- авторОймақ
- 23 қыркүйек, 2026





