жексенбі, 27 қыркүйек, 2026 11:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жетісу облысында тұрғын үй өртінен 3 бала қаза тапты

Жетісу облысында тұрғын үй өртінен 3 бала қаза тапты
Getty Images
Қайғылы оқиға 25 қыркүйек күні таңертең Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында тіркелген

Тілсіз жау Жетісу облысындағы тұрғын үйлердің бірінен шыққан. 

Алдын ала мәліметке сай, жалын тұтанған кезде балалардың анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден сыртқа шығып үлгерген. Десе де, үйде тағы үш бала қалып қойған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар тұрғын үйдің ішінен үш баланың денесін тапқан. Қаза болған балалардың жасы – 1, 6 және 8 жаста. 

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлар нақтылануда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар