жұма, 22 қараша, 2024 12:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда лотос гүлдеді

Түркістанда лотос гүлдеді
Фото: Жасұлан Сейдазым
Түркістанда қызғылт түсті лотос гүлдеді. Өңірге 2019 жылы жеткізілген ерекше гүл 900 шаршы метр аумақта өсіп жатыр.

Түркістан қаласындағы желілік саябақ пен ботаникалық бақта лотос гүлдері жайқалып өсіп тұр. Күндіз гүл ашып, кешкісін жабылып қалатын ерекше гүлді қызықтап тамашалаушылар да көп. Әсіресе, шеттен келген туристер таңсық дүниенің жанында суретке түсіп, желіге жүктеп жатыр. Бір айта кетерлігі, су бетінде қалқып жүретін өсімдік айрықша күтімді қажет етпейді. Тек айналасын уақытылы қоқыстан тазартып отырса жеткілікті.

«Түркістанда лотостың «тұңғиық» деп аталатын түрі өсіп жатыр. Ол маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Гүлі су бетінде қалқып жүргендей әсер береді. Негізінен тұқым арқылы және тамыры арқылы көбеюде. Түркістан қаласына 2019 жылы жеткізілді. Қазір Б.Саттарханов даңғылындағы желілік саябақтың 600 шаршы метрінде және Әзірет Сұлтан ботаникалық бағының 300 шаршы метр аумағында өсіп тұр», - деді «Жасыл Түркістан» КММ директор орынбасары Ербол Қайырбеков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар