сәрсенбі, 23 қыркүйек, 2026 14:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ерлан Қошанов Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Мәжіліс
Бұрынғы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Президенттік орталықта жаңа органның ұйымдастырушылық отырысында Санақ комиссиясының төрағасы Мұрат Әбенов жасырын дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлады Қазақпарат.

Дауыс беру жәшігінен 121 бюллетень алынды. Жарамсыз бюллетень жоқ. Ерлан Қошановтың кандидатурасын 120 адам жақтаған. Бір адам қалыс қалған.

Айта кетейік, Ерлан Жақанұлы Қошанов 64 жаста. Ол 1962 жылы 14 тамызда Қарағанды облысының Шет ауданында туған. Жезқазғандағы Қарағанды политехникалық институтының филиалында (инженер-механик) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясында (халықаралық экономист) білім алған. Еңбек жолын Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесарі, шебері болып бастаған.

Кейінірек Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінде түрлі қызметтер атқарды, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Үкіметтің Парламенттегі өкілі, Көлік және коммуникация вице-министрі, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болды.

Әр жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламенттегі өкілі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қарағанды облысының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметтерін атқарып, 2022 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы және «AMANAT» партиясының төрағасы болды.

 


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар