жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес": Айгүл Иманбаева диплом алды

"Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес": Айгүл Иманбаева диплом алды
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram/aigul_imanbayeva
Әнші  туған еліне оралса да, Англияны сағынатынын жеткізді.

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде өзінің қуанышты жаңалығын жариялап, елге разы сезімін білдірді.  Бір жыл бойы Англияда білім алған өнер иесі дипломын алып, қуанып жүр. Жақында елге оралатынын да айтқан. 

Әнші  туған еліне оралса да, Англияны сағынатынын жеткізді.  Оның айтуынша,  ол білімін шыңдап жүріп, жақсы достар тапқанын айтады. 

«Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрестіп, қуанышымды бөлісейін дегенім едім. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық», - деп жазды Иманбаева Instagram-дағы парақшасында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар