Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен бұл елге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысын Сеулдің халықаралық әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Сапар аясында Сеулде жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер өтіп, тараптар қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін қарастырады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының осы сапары аясында Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитін өткізу де жоспарланған. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанда жұмыс сапарымен болған еді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





