жексенбі, 13 қыркүйек, 2026 16:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Рыбакина брифингте отандастарына жүрекжарды тілегін жеткізді

Рыбакина брифингте отандастарына жүрекжарды тілегін жеткізді
Ақорда
Ол қазақстандықтарға қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open финалынан кейінгі брифингте отандастарына жүрекжарды тілегін жеткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Брифинг барысында қазақстандық журналист Ердана Ержанұлы Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтап, қазақстандық жанкүйерлерге арнаған тілегін сұрады. Модератордың брифингті аяқтауға тырысқанына қарамастан, теннисші қазақстандық журналистің сұрағын тыңдап, жауап берді.

«Бұл жетістік сізді қолдап, бүгінгі ойыныңызды тамашалап отырған Қазақстандағы көптеген жас үшін үлкен маңызға ие. Сізді көріп, жанкүйер болып отырған қазақстандықтарға қандай үндеу айтқыңыз келеді?» – деп сұрады Ердана Ержанұлы.

Елена Рыбакина өз кезегінде қазақстандықтарға қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Ең алдымен, қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін баршаңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Бірақ мен әлі мақсатымның соңына жеткен жоқпын. Қазақстанға барып, осы сәтті мені қолдап, ойындарымды көріп, жанкүйер болған барлық адамдармен, әсіресе балалармен бірге атап өткім келеді», – деді теннисші.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда тенниске қызығатын балалардың қатары артып келеді.

«Мен үнемі айтып жүремін, қазір көптеген бала теннис орталықтарына келіп, тенниспен айналысқысы келеді. Меніңше, бұл – өте жақсы нәрсе. Сондықтан бұл жетістікті бүкіл ел болып бірге атап өткім келеді», – деді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 финалында Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, қарсыласын 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық теннисші алғаш рет US Open чемпионы атанып, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулын жеңіп алды. Сонымен қатар Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар