жұма, 20 қыркүйек, 2024 17:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанадағы LRT құрылысында кран құлады

Астанадағы LRT құрылысында кран құлады
Фото: Фото: Астана - Что? Где? Когда?/Telegram арнасынан алынды
Оқиға орнында мердігердің, басшылықтың, СТS және полицияның жауапты қызметкерлері жүр.

City Transportation Systems ЖШС Қабанбай батыр даңғылы мен Керей Жәнібек хандар даңғылының қиылысында сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран құлағанын хабарлады. Кран «Времена Года» тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында мердігердің, басшылықтың, СТS және полицияның жауапты қызметкерлері жүр.

Сондай-ақ оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы да шығып үлгерді. 

«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын ала себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», - делінген Өнеркәсіптік  қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жолдың эстакадалық бөлігін 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланғанын хабарлаған еді. Келесі жылы рельстер төселеді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар