сәрсенбі, 9 қыркүйек, 2026 15:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дариға Бадықова Олжас Абайға жазба арнады

Дариға Бадықова Олжас Абайға жазба арнады
Фото: Әлеуметтік желіден
Отандық кино жұлдызы Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты сыр ашып, махаббат туралы толғанысын жариялады. Актриса осы уақытқа дейін сезімге деген көзқарасы түбегейлі өзгергенін жасырмады.

Өнер иесі сүйіктісімен бірге түскен суретін бөлісіп, бес жыл ішінде алғаш рет бір ай бойы көріспегендерін жеткізді. Оның айтуынша, бұл айырылысу уақыты екеуіне де оңай тимеген.

Актриса өзінің жүрекжарды жазбасында сезімін былайша білдірді:

«5 жылда бірінші рет, бір ай уақыт көріспедік, екеуміз де оңай адам емес екенбіз... Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырды. Енді мен сезім мен махаббатқа бұрынғы көзбен қарамаймын... Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым», -  деп жазды ол.

Өнер иесінің бұл ашық әрі әсерлі жазбасы желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсіп, көпшіліктің назарын аударды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар