сәрсенбі, 9 қыркүйек, 2026 15:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда жалдамалы баспана бағасы күрт өсті

Қазақстанда жалдамалы баспана бағасы күрт өсті
Фото: ашық дереккөз
Тамызда Қазақстанда жалдамалы баспана орта есеппен бір айда 4,2 пайызға қымбаттады. Баға әсіресе Қостанай, Петропавл мен Түркістан қалаларында айтарлықтай өскен

Тамыз-қыркүйек айларында жалдамалы баспана нарығында бағаның өсуі әдеттегі жағдай. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамызда Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй орта есеппен бір айда 4,2 пайызға қымбаттады. Ал бір жыл ішінде баға 17 пайызға өсті.

Қазақстанда жалдамалы баспана қай қалаларда айтарлықтай қымбаттады?

Тамызда жалдау ақысы ең үлкен өсімді көрсеткен қала — Қостанай. Онда баға бір айда 5,9 пайызға көтерілді. Одан кейінгі орындарда Петропавл мен Түркістан қалалары тұр. Бұл қалаларда баға сәйкесінше 5,5 пайызға және 5,3 пайызға өсті.

Алматыда жалдамалы баспана бір айда 4,4 пайызға, Астанада 4,9 пайызға, ал Шымкентте 5 пайызға қымбаттады.

Бағаның ең аз өсімі Орал қаласында тіркелді. Мұнда баға бір айда небәрі 0,8 пайызға ғана өсті.

Жылдық көрсеткіш бойынша бағаның өсуі жағынан Павлодар көш бастап тұр. Бұл қалада жалдау ақысы бірден 42,5 пайызға көтерілген. Екінші орында Петропавл қаласы тұр. Онда баға бір жылда 39,1 пайызға өсті. Алматы үшінші орынға жайғасты, мұнда баға 18,1 пайызға артты.

Астанада баға 17,5 пайызға, ал Шымкентте 15,8 пайызға өсті. Жалдамалы баспана құнының ең аз жылдық өсімі Орал қаласында тіркелді. Онда баға небәрі 3,8 пайызға ғана өскен.

Қазіргі таңда баспананы жалға алу тұрғысынан ең қымбат қала — Алматы. Онда шаршы метрі орта есеппен 6 224 теңгені құрайды. Екінші орында Астана тұр – 6 079 теңге. Үшінші орын Қарағандыға бұйырды – 5 219 теңге. Ең арзан баспана Таразда жалға беріледі, мұнда шаршы метрі 2 558 теңге тұрады.

Еске сала кетейік, жалдамалы баспана бағасының өсуі жаздың ортасында да байқалған болатын. Осылайша, қазір бағаның өсу қарқыны тек жеделдеп келеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар