24 жастағы марафоншы 2022 жылы күзде Валенсия марафонында жеңіске жетті. Ол оның алғашқы марафоны еді. Ал 2023 жылы көктемде Лондон марафонын 2:01:25 нәтижесімен жүгіріп өтіп, чемпион атанды. Сөйтіп әйгілі марафоншы Элиуд Кипчогеге бәсекелес спортшы қатарға қосылғанын спорт басылымдары жарыса жазған.
Содан соң ол былтыр қазан айында Чикаго марафонында әлем рекордын жаңартты. Уақыт көрсеткіші - 2 сағат 35 секунд.
Спортшы бапкерімен бірге биыл сәуірде өтетін Роттердам марафонына дайындалып жүрген. Тіпті 42 шақырым қашықтықты 2 сағатқа жетпейтін уақытта жүгіріп өту мақсатын қойыпты.
Келвин Киптум туған елі Кениядағы түрлі жарыстарға қатысықан. 18 жасына дейін жалаңаяқ жүгіріпті. Бапкері Жерве Хакизимана қой бағып жүрген Киптумды 2018 жылдан бастап баптап, спортқа алып келді. Айналасы 5 жылдың інде спортшы әлемге танылып үлгерген еді.
Oimaqnews
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.