бейсенбі, 3 қыркүйек, 2026 11:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды
ашық дереккөз
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосанов Дәурен Жұматайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Дәурен Қосанов бұл жоғары лауазымды алғаш рет 2025 жылдың маусым айында иеленген болатын. Президент жарлығымен ол қорғаныс ведомствосын басқаруды ары қарай жалғастыратын болды.

Бұған дейін, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ол Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды. Ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап Әуе қорғанысы күштерін тікелей басқарған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар