сейсенбі, 1 қыркүйек, 2026 10:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды

Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды
Фото: threads.com/@quail.1247540
Маңғыстау-Алматы бағытындағы пойызда қызға қол жүгірткен 69 жастағы ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді.

20 жастағы жәбірленуші күдіктінің үстінен арыз жазғанын мәлімдеді. Айтуынша, күдікті жәбірленушіге сол кезде 80 мың теңге ақша ұсынған. Алайда қыз ақшадан бас тартқан. 

Болған жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаменті ер адамның ұсталып, үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Көліктегі полиция бөлімінің Қызылорда станциясындағы қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол жасаған құқық бұзушылықтары үшін бірден ұсақ бұзақылық және түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды. Тыныштықты бұзғаны үшін ер адамға әкімшілік айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар қарау үшін сотқа жолданды”, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.

Көліктегі полиция департаменті азаматтардың қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген заңға қайшы әрекеттің дереу тоқтатылатынын және кінәлілердің заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар