Ұзынағашта қыздың денесі табылды: туыстары суицид жасағанына сенбейді
- авторОймақ
- Бүгін, 12:54
- 66
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 21 жастағы Диана ерлер дәретханасынан өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Полиция оның өлімін Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеп жатыр. Алайда марқұмның туыстары суицид нұсқасына күмән келтіреді.
Туыстарының айтуынша, Диана қайтыс болған күні анасымен бірге уақыт өткізіп, кейін ағасының үйіне бармақ болған. Бірақ түнде жақындарының қоңырауларына жауап бермей қойған.
Жақындары қыздың денесінен көгерген және соққы іздері байқалғанын, сондай-ақ 100 мың теңгесі мен алтын алқасы жоғалғанын айтады. Кейбір жеке заттарын отбасы кейін жырадан тапқан.
Марқұмның құрбылары Диананың өзін аңдыған ер адам туралы жазған хаттарын әлеуметтік желіде жариялады. Туыстары оқиғаға дейін дәретхана маңында екі көлік пен төрт жігіт болғанын айтқан.
Полиция қазір қыздың өліміне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






