сейсенбі, 25 тамыз, 2026 8:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда жүкті әйелді ұрып-соққан: төртінші сәбиіне аяғы ауыр

Атырауда жүкті әйелді ұрып-соққан: төртінші сәбиіне аяғы ауыр
видео скрин
Оның айтуынша, күйеуі сол түні үйге мас боп келген.

Атырау облысының Индер ауданында жүкті әйел ауруханаға түсті. 32 жастағы үш баланың анасы төртінші сәбиіне аяғы ауыр. Ол күйеуінен жәбір көргенін айтады. Оның сөзінше, күйеуі бұрын да ұрып-соғып келген. Бұл жолы көршісінің үйіне қашуға мәжбүр болған, деп хабарлайды turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, қазір жүкті келіншек Атырау облысы Индер ауданы ауруханасында. Ақбөбек сол түні не болғанын көзіне жас алып еске алды. Күйеуі бұрыннан қол жұмсайтынын, бірақ бұл әрекетін уақыт өте қоятын болар деп кешіріп келгенін айтып жылады. Бұл жолы көршісінің үйіне қашып барып жан сауғалаған. Сол жерден жедел жәрдем шақырған.

Оның айтуынша, күйеуі сол түні үйге мас боп келген.

"Жатқан едім, сол кезде екі рет ұрды. Басым, құлағым бәрі шыңылдап кетті. Сол кезде кіші қызым тұрып кетті, балаларымның екеуі де ояу жатқан екен. Олар қорыққаннан, ұйықтап жатқан кейіп танытқан. "Мама, біз қатты қорықтық" дейді. Аямайтынын түсіндім, өліп кетсем де сол жерде", - дейді Ақбөбек Оразбаева.

Жәбірленушінің айтуынша, ауруханаға келген полиция қызметкері оны қорғаудың орнына, "отбасыңды сақта" деп сабырға шақырған.

Осыдан үш күн бұрын ауруханаға түскен Ақбөбек Оразбаева – үш баланың анасы. Төртіншісіне аяғы ауыр. Дәрігерлер қазір оның жағдайы қалыпты, ми шайқалып, емделіп жатқанын айтады

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар