жұма, 22 қараша, 2024 9:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қазақтың батырлығының шыр­қау шыңы – Рейхстагтың төбесіне тігіл­ген Ту болды" – Мұхтар Құл-Мұхаммед

"Қазақтың батырлығының шыр­қау шыңы – Рейхстагтың төбесіне тігіл­ген Ту болды" – Мұхтар Құл-Мұхаммед
фото: ашық дереккөз
"Міне, қазақ қандай халық дегенде, қазақ – батыр халық, ба­тыр­лы­ғын дәлелдеп өткен халық дейті­німіз – осы".

"Қазақ халқының батыр­лық қа­­­­сиетінің жаңа заманда көзге түс­кен кезі – Ұлы Отан соғысы деп сипат­талған соғыс бол­ды. Бұл ІІ Дүниежүзілік соғысқа сол кез­дегі 70-ке жуық мемле­кеттің өкілдері қа­тысты. Жершары хал­қының 80 пайы­зын қамтыған Екінші жаһан­дық соғыста қазақ халқының ба­тыр­­лығының даңқы бү­кіл әлемге жайыл­­ды. Сол кезде Совет Ода­ғының бас басылымы «Правда» газе­тінде орыс­тың атақты жазушысы Илья Эренбург былай деп жазған. Сөзбе сөз келтірейін: «Один фриц мне сказал: «Против нас были страшные солдаты – их не мог остановить никакой огонь, они бе­­­жали прямо на нас. Потом мне сказали, что это – казахи». Бұл – 1942 жылы 18 қа­­зан­да жарияланған мақала. Ал енді бұл со­­ғыста шығын өте көп болды. Сонда қа­зақ хал­қы­ның батырлығын көрсеткен аза­­­мат­тардың барлығы бірдей батыр ата­ғын ала алған жоқ. Мысалы, Төлеуғали Әбді­­беков деген қазақ 397 немістің көзін жой­ған. Бір – өзі. Асқан мерген адам бо­лып­ты. Соғыста мергендердің өлтірген адам­дары кітапшасында жазылып, ко­ман­­дирлері қол қойып бекітіп оты­ратын бол­ған. Ол кісінің ерлігі жайында сол 1942 жыл­дың өзінде «Комсомольская правда», «Крас­­но­армейская» газеттерінде мақала­лар жарияланған. Сол секілді Ыбырайым Сүлейменов 268 немістің көзін жойған" дейді Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед.  

Қоғам қайраткері сұхбатында Ыбырайым Сүлейменов туралы да ойын білдірген. Онда: 

"Ыбырайым Сүлейменов – 1943 жылы Не­вель қаласын жаудан азат ету шайқа­сын­да ерекше көзге түскен адам. Изоча стансасында «Ступенчатая высота» деп аталатын жотада қазақтың аяулы батыр қызы Мәншүк Мәметова екеуі немістерге қарсы кескілескен шайқаста қатар соғыс­қан. Ыбырайым Мәншүкке оқ тиіп, қаза тапқанда Мәншүктің денесін жауға таста­маймын деген шешіммен қасында қалып, екі қазақ сол жерде өлген. Мерген туралы де­ректер нақты болуы үшін біз 2019 жыл­дың 14 қазанында Ресей Федерациясы Қорғаныс минис­трлігінің Орталық әске­ри мұрағатына сұрау салып, Ы.Сүлейме­нов­ке қатысты барлық кұжаттарды ал­дырған едік. Немістер оны сыртынан «да­­ла мергені», «жаналғыш азиат» деп атап, қатты сес­кенген. Тіпті, Сүлейменовті атып түсір­ген неміс снайперіне мол сыйақы мен марапат та тағайындаған. Сөйткен батыр ұлға советтік билік батыр атағын қимай, бір жыл өткенде барып «Ленин» орденін ғана береді. Ал соғыстың алғашқы ке­зеңін­де миллиондаған совет әскері бе­кер­ден-бекер тұтқынға түсіп, бекерден-бекер шейіт болып кетті. Тұтас армиялар, бірнеше миллионнан астам адам я шейіт болды, я концлагерьге түсті. Ал қазақтың батыр ұлдары бір ғана Төлеу­ғали мен Ыбырайымның өзі қаншама жаудың көзін құртты. Міне, қазақ қандай халық дегенде, қазақ – батыр халық, ба­тыр­лы­ғын дәлелдеп өткен халық дейті­німіз – осы. Қазақтың батырлығының шыр­қау шыңы – Рейхстагтың төбесіне тігіл­ген Ту болды. Оны бірінші болып тік­кен де қазақ" екенін айтады.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар