жексенбі, 23 тамыз, 2026 17:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абай облысының әкімі Берік Уәли Құрылтай сайлауына дауыс берді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Құрылтай сайлауына дауыс берді
Абай облысы әкімдігі
Абай облысында сайлаушылар тізіміне 402 408 азамат енгізілген.

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Семей медицина университеті ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аймақ басшысы бүгінгі сайлаудың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан екенін жеткізіп, өңір тұрғындары азаматтық белсенділік танытатына сенім білдірді.

«Бүгін – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуының маңызды мүмкіндігі. Абай облысында дауыс беруге қажетті барлық жағдай жасалды. Ең бастысы – сайлау үдерісінің ашық, заң талаптарына сай әрі ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету. Өңір тұрғындары елдік мәселелерге әрдайым жауапкершілікпен қарайды. Бүгін де жерлестеріміз азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасайды деп сенемін», – деді Берік Уәли.

Абай облысында сайлаушылар тізіміне 402 408 азамат енгізілген. Өңірде 464 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 429-ы ашық, 35-і жабық учаске. Құрылтай депутаттары сайлауын өткізуге облыс бойынша барлығы 477 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Оның ішінде 1 облыстық, 12 аумақтық және 464 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Комиссиялар құрамында 3261 адам жұмыс істейді, олардың сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар.

Барлық сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық базамен толық жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінді. Өңірдегі 458 сайлау учаскесі ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан. 429 ашық учаскенің барлығы пандустармен, 397-сі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған.


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар