жұма, 21 тамыз, 2026 15:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда мүгедек енесін зорлаған күдікті ер адам ұсталды (видео)

Алматыда мүгедек енесін зорлаған күдікті ер адам ұсталды (видео)
Фото: видеодан скрин
Алматыда мүмкіндігі шектеулі енесін зорлады деген күдікті ер адам қамауға алынды.

Қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласында жергілікті тұрғын өзінің мүгедектігі бар енесіне жыныстық сипатта зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен ұсталғаны хабарланған. Сұмдық қылмыс туралы ақпаратты жәбірленушінің өз қызы күдіктінің заңды жұбайы полицияға арызданғаннан соң белгілі болды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар