20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады
- авторОймақ
- Бүгін, 09:44
- 22
20 тамыздан бастап Қазақстанда смартфондар мен басқа да мобильді құрылғыларды міндетті тексеруден өткізбей сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Сатуға шығарар алдында кәсіпкерлер телефонның IMEI-кодын арнайы дерекқор арқылы тексеріп, құрылғының бұғатталмағанын және елге заңды жолмен әкелінгенін растауы тиіс.
Талаптарды бұзғандарға айыппұл салынады. Оның мөлшері жеке тұлғалар үшін 90 АЕК-тен басталса, ірі бизнес үшін 600 АЕК-ке дейін жетеді.
Сатып алушы да құрылғының мәртебесін IMEI арқылы тексере алады. Егер оған верификациядан өтпеген телефон сатылса, ол тауарды ауыстыруды, бағасын төмендетуді немесе ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін шетелден жылына екі реттен артық телефонды немесе мобильді құрылғыны верификациялауға рұқсат берілмейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





