Жүргізушілерге тасжолдарда жылдамдықты асырғаны үшін қате салынған айыппұлдар келіп жатыр. Ішкі істер министрлігі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 13-14 тамыз аралығында "ЕРАП" ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау болған. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыруға қатысты кейбір құқық бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.
"Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деп хабарлады министрлік.
Полиция қате рәсімделген айыппұлдардың барлығы анықталғанын және олардың автоматты түрде жойылатынын мәлімдеді. Жүргізушілерге полицияға барудың немесе қосымша дәлел ұсынудың қажеті жоқ.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде жүргізушілерге негізсіз айыппұлдар салынып жатқаны туралы ақпарат тарады. Олардың айтуынша, кейбір жүргізушілерге бірден бірнеше айыппұл келген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





