дүйсенбі, 17 тамыз, 2026 14:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті

Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып кетті.

Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған. Өңірлік ТЖД мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су жағасына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

«Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Олардың бірі өздігінен жағаға шығып үлгерді. Екінші қыз суда қалып қойды. Әкесі жүзе алмайтынына қарамастан, қызын құтқаруға ұмтылған. Салдарынан екеуі де суға батып кетті», — делінген хабарламада.

Ағыс ер адам мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамызда кешке қарай тапты. Ал ер адамның денесі келесі күні табылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар