Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы жарияланды. Астана мен Алматыда ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің сатып алу-сату құны әртүрлі қалыптасқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада долларды орта есеппен 460 теңгеден сатып алып, 467 теңгеден сатуда. Еуроның сатып алу бағамы – 530 теңге, сату бағамы – 540 теңге. Ал Ресей рублі 5,17-5,47 теңге аралығында айырбасталып жатыр.
Алматыда доллардың сатып алу бағамы 463 теңге, сату бағамы 465,8 теңге шамасында. Еуро 531 теңгеден сатып алынып, 568 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы 5,26-5,34 теңге аралығында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





