жұма, 14 тамыз, 2026 16:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы мен бірнеше өңірде жарық сөніп қалды: KEGOC не дейді

Алматы мен бірнеше өңірде жарық сөніп қалды: KEGOC не дейді
shutterstock
Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылу орын алған.

14 тамызда сағат 14:37-де Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылу орын алып, елдің оңтүстік өңірлері мен көршілес мемлекеттерде жаппай электр энергиясы өшіп қалды. Бұл жөнінде KEGOC электр желілерін басқарушы компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына  сілтеме жасап.

Апат салдарынан Ағадыр – Үлкен және Ақтоғай – Талдықорған жоғары вольтты электр беру желілері ажыратылып, Қазақстанның Оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біріккен энергожүйесі оқшауланған жұмыс режиміне өтті.

«Алдын ала жедел мәліметтер бойынша, технологиялық бұзылуға Орталық Азияның Біріккен энергожүйесі тарапынан қуаттың күрт түсуі себеп болды. Осының салдарынан Қазақстанның энергожүйесінде тұтынушыларды электрмен жабдықтауды шектеу көлемі болжаммен 2810 МВт-ты құрады», – делінген хабарламада.

Ұлттық оператор апаттан кейін бірден қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Сағат 14:47-ге қарай Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарындағы 295 МВт көлеміндегі шектеулер алынып тасталды. Қазіргі уақытта компания мамандары қалған аймақтардағы тұтынушыларды электр қуатына қайта қосу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Жаппай жарықтың өшуі Алматы қаласы мен Алматы облысының басым бөлігін қамтыды. Сонымен қатар электр энергиясындағы іркілістер көршілес Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында да тіркелді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар