дүйсенбі, 10 тамыз, 2026 9:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Каспийде белгісіз майлы дақтар пайда болды: экологтар тексеруде

Каспийде белгісіз майлы дақтар пайда болды: экологтар тексеруде
Видео скрин
Маңғыстауда Каспий теңізінің бетінде майға ұқсас дақтар пайда болған бейнежазба тарады. Кадрлардан теңіз бетінде жайылған қара-қоңыр іздерді байқауға болады. Экологтар оқиға орнына барып, судан сынама алды.

Майлы дақтар Аташ жағажайы маңындағы теңіз акваториясынан байқалған. Бұл туралы ақпарат Маңғыстау облысының Экология департаментіне 8 тамызда түскен.

Мамандар жағалау мен оған іргелес теңіз аумағын тексеріп, судың бірнеше сынамасын зертханалық сараптамаға жіберді.

«Мониторинг барысында теңіз суынан сынамалар алынды. Олар зертханалық зерттеуге жіберілді», – деп мәлімдеді Экология департаменті.

Әзірге теңіз бетіндегі дақтардың нақты неден пайда болғаны белгісіз. Оның мұнай өнімі екені де зертханалық қорытындыдан кейін нақтыланбақ.

Оқиғадан кейін экологтар теңізде жұмыс істейтін кеме экипаждары мен айлақ иелеріне ескерту жасады. Олардан экологиялық талаптарды қатаң сақтау және мұнай өнімдерінің теңізге төгілуіне жол бермеу талап етілді.

Қазір Аташ жағалауы мен оған іргелес Каспий акваториясында мониторинг жалғасып жатыр. Жағдай Экология департаментінің бақылауына алынды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар