Астанада «Болашақ ойындары 2026» шеңберінде ішінде жолаушысы бар аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Бұл – Қазақстан тарихындағы осындай сипаттағы алғашқы ұшу оқиғасы, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әуе аппараты арнайы рұқсат етілген аумақтың үстімен ұшып өтті. Қос жолаушыны тасымалдауға арналған бұл борт сағатына 130 шақырымға дейін жылдамдық жинай алады және 35 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұшуға қауқарлы.
Жобаның бастапқы кезеңінде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлерінің үстімен ұзақтығы 5-тен 30 минутқа дейін созылатын демонстрациялық әрі туристік бағдарларды ұйымдастыру қарастырылуда.
Бұдан бөлек, ұшқышсыз аппараттарды шұғыл медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмек жеткізу, өрт сөндіру, логистика және басқа да маңызды бағыттарда пайдалану жоспарланып отыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





