сәрсенбі, 5 тамыз, 2026 10:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сабыржан Түзелбаев 33 жыл мал баққан қарияға жылқы сыйлады

Сабыржан Түзелбаев 33 жыл мал баққан қарияға жылқы сыйлады
Сурет: ult.kz
Сабыржан Түзелбаев 33 жыл мал баққан қарияға жылқы сыйлады. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл туралы мәлімдеді. Қазіргі таңда қоғамдағы талқылау жалғасуда.

Өзін «халал асаба» деп таныстыратын Сабыржан Түзелбаев 33 жыл мал баққан қарияға жылқы сыйлап, бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Ол өз жазбасында былай деді: «Аз да болса көптей көріңіз Атау. Жақын арада жеткізіп беремін бұйыртса. Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, Қазақ елім. Қатемді кешіріңіздер».

Еске салайық, соңғы күндері Сабыржан Түзелбаев әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Оның бір тойда айтқан әзілдері мен қонақтарға қарата айтқан сөздері сынға ұшырады.

Тараған бейнежазбаларда асабаның қонақтардың кәсібіне қатысты қалжыңдары көрсетілген. Атап айтқанда, өрт сөндірушіге «Өрттің көп болсын» дегені, дене шынықтыру мұғалімі туралы мысқыл сөздері, сондай-ақ базарда қауын-қарбыз сататын қонаққа арналған әзілдері көпшіліктің наразылығын тудырды. Қолданушылар мұндай сөздер адам еңбегін келемеждеу болып табылатынын айтып, оның әрекетін сынға алды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар