Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін полиция жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына байланысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq_Media-ға сілтеме қалдырып.
Тексеру барысында 38 жастағы жүргізушінің көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны және қозғалыс кезінде ұялы телефон пайдаланғаны анықталған. Сондай-ақ көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны белгілі болды.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырған.
Бұдан бөлек, қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында әнші Мөлдір Әуелбекова да бар.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





