Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде ел қоржынына Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Inform.kz сілтеме жасап.
Атап айтсақ, кеше Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізсе, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, кеше көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Елжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Бұл — ел қоржынына түскен 50-ші жолдама.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.
Жарыс ережесі бойынша, квота тек қана алтын медаль алған спортшыға беріледі.
Бүгін жекелеген жаттығу бойынша финалдық бәсекелер өтеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.