Түркістан облысында Тик-Токта былапыт айтқан әйел жауапкершілікке тартылды
- авторОймақ
- Бүгін, 09:17
- 14
Түркістан облысында интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Tik Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әйел адамның агрессивті мінез-құлық танытып, былапыт сөздер қолданған бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын Баян Шанкеева болып шықты. Сот шешімімен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысының полициясы "Заң және тәртіп" қағидаты өмірде де, интернет кеңістігінде де қамтамасыз етілетінін ескертеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




