бейсенбі, 30 шілде, 2026 11:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Темірлан Анарбековтің жұлдызды сәті желі қолданушыларын тәнті етті

Темірлан Анарбековтің жұлдызды сәті желі қолданушыларын тәнті етті
видео скрин
Ол командасын голдан аман алып қалды.

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алып, кем дегенде еурокубоктың негізгі кезеңдерінің біріне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Матчтың шешуші сәтінде қақпашы Темірлан Анарбеков керемет сейв жасап, командасын голдан аман алып қалды. Дәл осы эпизод «Қайраттың» келесі кезеңге өтуіне және еуромаусымын жалғастыруына мүмкіндік берді.

Бұл нәтиженің арқасында алматылық клуб енді кем дегенде УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне қатысуға кепілдік алды. Егер команда Чемпиондар лигасы іріктеуінің келесі сатыларынан өте алмаса, жарысты Еуропа лигасында немесе Конференциялар лигасында жалғастырады.

Осылайша, Темірлан Анарбековтің матч соңындағы тарихи сейві «Қайраттың» биылғы еурокубок жолындағы ең маңызды сәттердің біріне айналды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар