сәрсенбі, 29 шілде, 2026 10:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жапониядағы жойқын апат: магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жапониядағы жойқын апат: магнитудасы 7,1 болатын  жер сілкінісі тіркелді
әлеуметтік желіден
Мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды.

Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан өңірде айтарлықтай қираулар болып, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күшті сілкініс жолдардың бүлінуіне және бірнеше көпірдің зақымдануына себеп болған. Сонымен қатар бірқатар аудандарда өрт шығып, төтенше жағдай қызметтері оларды ауыздықтауға кірісті.

Жер сілкінісі кезінде Aeon Mall сауда орталығының бір бөлігі опырылып түскен. Үйінді астында адамдар қалып қойғаны хабарланып, кейбірінің қаза тапқаны айтылуда. Ондаған зардап шегуші түрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару қызметтері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Мамандар үйінділерді аршып, аман қалғандарды іздестіруде. Билік тұрғындарды сақтық шараларын сақтап, афтершок болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар