жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада жас жігіт 40-тан астам студенттің ноутбуктерін алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Астанада жас жігіт 40-тан астам студенттің ноутбуктерін алып, ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: ашық дереккөз
Елордада 21 жастағы жігіт жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 40-тан астам студенттің ноутбуктерін алдап алып, сатып жіберген.

Анықталғандай, күдікті уақытша пайдаланамын деген желеумен достарынан ноутбук алуды әдетке айналдырған. Алайда ол кейінірек барлық ноутбукты ломбардқа өткізіп, түскен ақшасын интернеттегі ойынға бәс тігуге салып,  ұтылып қалған.

"Полицейлер ломбардтардан ұрланған ноутбуктердің басым бөлігін тәркіледі. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт кінәсін мойындап, қамауға алынды. Полицейлер оның қала аумағындағы осындай алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр", - делінген қалалық полиция департаменті. 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар