23 шілдедегі мәлімет бойынша, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттері шетел валюталарын мынадай бағаммен сатып алып, сатып жатыр.
Елордадағы айырбастау орындарында АҚШ доллары 465,99 теңгеден сатып алынып, 472,96 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы – 529,99 теңге, сату бағамы – 539,95 теңге.
Ресей рублі Астанада 5,59–5,89 теңге аралығында саудаланса, Қытай юані 68,96 теңгеден сатып алынып, 73,58 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 467,78 теңге болса, сату бағамы – 469,71 теңге. Еуро 533,39 теңгеден сатып алынып, 538,66 теңгеден сатылуда.
Ал рубльдің бағамы 5,61–5,75 теңге аралығында қалыптасқан. Қытай юані 68,66–71,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






