сәрсенбі, 22 шілде, 2026 19:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кішкентай сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Кішкентай сәбиін сатпақ болған ерлі-зайыпты бес жылға сотталды
ашық дереккөз
Бұл оқиға Өзбекстанда орын алған.

 Өздерінің бірнеше айлық ұлын сатуға әрекеттенген жас ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz, Astana_sergek парақшасына сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың мәліметінше, қылмыс жасалған кезде әйел 19 жаста, ер адам шамамен 20 жаста болған. Ал олардың сәбиі небәрі бірнеше айлық болған.

Тергеу барысында отбасының жұмыссыз қалып, баспанасыз қалғаны анықталған. Қаржылық қиындыққа тап болған әйел күйеуіне несиелерін өтеу және Түркияға көшу мақсатында баланы сатуды ұсынған.

Сот олардың әрекетін адам саудасы бабы бойынша саралап, екеуін де кінәлі деп таныды. Нәтижесінде ерлі-зайыпты бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал сәбидің алдағы тағдырын әлеуметтік қорғау органдары шешетін болады.
Айта кетейік, бұл оқиға Өзбекстанда орын алған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар