Келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген
- авторОймақ
- Бүгін, 09:05
- 16
Астанада келіншек қонақ үйде босанып, шақалақты кәріз құбырына ағызып жіберген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Адам шошырлық оқиға туралы Threads қолданушысы жазды.
Айтуынша, қонақүй көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған.
«Қонақүйге келушілердің бірі дәретханада нәрестені босанып, оны канализацияға ағызып жіберген. Алты айлық қыз бала тірі болған. Таңғы сағат үште көршім оятып, біздің кәріз құбырынан бірдеңе табылғанын, полицейлерге көмектесу керек екенін айтты. Тәртіп сақшылары мұны кім істеуі мүмкін екенін сұрады. Біз қонақүйді көрсеттік», - деп жазды ол.
Полиция ақпаратты растады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бұл факті бойынша 29 жастағы әйел ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





