Атырауда қайын жұртын жайратып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі шықты, деп Oimaqnews.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысындағы Жангелдин ауылында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыға дәл осындай жаза тағайындауды сұраған еді. Прокурор екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен және пайдакүнемдік мақсатта өлтіру бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. Істе бұдан бөлек те бірнеше бап бар.
Жангелдин ауылындағы жан түршігерлік қылмыс өткен жылдың соңында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Сәрсемәлиев бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен қарындасын қатыгездікпен өлтірген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





