жұма, 22 қараша, 2024 8:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Құлсарыдағы наразылық: бұқараның талабы қандай?

Құлсарыдағы наразылық: бұқараның талабы қандай?
фото kaztag.kz
"Маңдай терімен, адал еңбегімен салған үйінің әділетті бағасы есептеліп, ақшаны қолымызға алғымыз келеді"

Кеше кешкілік Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің алдына 80-ге жуық адам жиналған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Жиналғандар алдында Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов сөз сөйлеген. Сондай-ақ ол жерге әкімнің орынбасарлары Нұрболат Сарманов, Гүлнафис Айшуақова, әкім аппаратының басшысы Алматы Теміржанов және Құлсары әкімі Қадіржан Адинов келген.

– Аталған мәселені объективті түрде шешу үшін жергілікті тұрғындар мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың Жылыой ауданының тұрғындарына өтемақы төлеу туралы талаптарын заңдастыру жөнінде Президенттің  атына бейнеөтініш жазды (БАҚ-та әлі шықпаған). Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының әрекеттері үйлестірілген. Оның нәтижесі жөнінде алда тағы хабарланады, - деп түсіндіреді әкімдік.

2 мамыр күні кешке Құлсарының Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан тұрғындары әкімдік ғимараты алдында жиналып тұрғанын, қажет болса шатыр тігіп сонда түнеуге дайын екенін жеткізген. Олар өз үндеуін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.  

– Біздер топан судан зардап шеккен халық. Маңдай терімен, адал еңбегімен салған үйінің әділетті бағасы есептеліп, ақшаны қолымызға алғымыз келеді. Үйлерімізге әр шаршы метріне 400 000 теңгеден ақы төленіп, сол ақыны қолымызға алғымыз келеді, – дейді видеожазбадағы азамат.  

“Және тағы бір реттік берілген 100 АЕК көлеміндегі көмекті осы халықтың мәселесі шешілгенге беруіңізді сұраймыз” дейді азаматтар.  

Сондай-ақ шаршы метріне 400 мың теңге деген ұсыныс мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың ұсынысы екенін айтып, жиналғандар бір ауыздан “қолдаймыз” деп дауыстады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар