сейсенбі, 7 шілде, 2026 11:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысында көпірді су шайып кеткен

Алматы облысында көпірді су шайып кеткен
әлеуметтік желіден
Облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында көпірді су шайып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл мәліметті облыс әкімінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әкімдіктің мәліметінше, көпірге өткен күндері жауған нөсер жаңбырдан кейін жүрген селдің салдарынан зақым келген. Алайда нысан бұған дейін-ақ апатты жағдайда деп танылған.

«Расымен де өткендегі нөсер жауын салдарынан сел жүріп, аталған көпір бұзылды. Бірақ бұл көпір бұған дейін апатты деп танылған. Яғни, тасқын болмаса да, қирап қалудың аз алдында тұрған еді», – деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері көпірді қалпына келтіру жұмыстары алдын ала жоспарланғанын атап өтті. Қазіргі уақытта жаңа көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мердігерді анықтау бойынша конкурс өткізілген.

Бүгінде құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйым анықталып, қажетті құжаттарды рәсімдеу кезеңі жүріп жатыр. Жаңа көпірдің құрылысы биыл басталады деп жоспарланып отыр.

Жергілікті билік тұрғындарды жағдай бақылауда екенін айтып, жаңа өткел пайдалануға берілгенге дейін қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар