сенбі, 4 шілде, 2026 20:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан Арменияға Астанада елшілік салу үшін жерді жылына 1 теңгеге жалға береді

Қазақстан Арменияға Астанада елшілік салу үшін жерді жылына 1 теңгеге жалға береді
Фото: Көлік министрлігі
Армения мен Қазақстан елдерінде Астана мен Ереван қалаларында жаңа елшілік ғимараттарын салу туралы өзара келісімге келді.

Армения мен Қазақстан елдерінде Астана мен Ереван қалаларында жаңа елшілік ғимараттарын салу туралы өзара келісімге келді. Бұл туралы newsarmenia жазды, деп хабарлайды Қазақпарат

Арменияның Ұлттық жиналысы жұма күні Қазақстанмен дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарын салу үшін жер телімдерін өзара беру жөніндегі келісімді ратификациялады.

Армения сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарянның айтуынша, келісімге сәйкес Армения Қазақстанға Ереван қаласындағы Адмирал Исаков даңғылы бойынан 0,33 гектар жер учаскесін 49 жыл мерзімге жалға береді. Бұл аумақта Қазақстанның елшілік ғимараттары салынады. Жалға алу ақысы жылына 1 драма ғана болады.

Ал Қазақстан өз кезегінде Астана қаласындағы Арғанаты көшесінен 0,33 гектар жерді дәл осындай 49 жыл мерзімге Арменияға береді. Бұл жерде Армения елшілігінің ғимараттары салынады, ал жалдау ақысы жылына 1 теңгені құрайды.

Келісім шартына сәйкес, жерді жалға алушы тарап оны үшінші тұлғаларға сатуға, беруге, жалға немесе қосалқы жалға беруге, сондай-ақ аумақты кеңейтуге құқылы емес. Кез келген өзгеріс тек қабылдаушы мемлекеттің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асады.

Вице-министрдің айтуынша, бұл келісім екі ел арасындағы саяси диалогты тереңдетуге, экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға және дипломатиялық миссиялардың жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Армения Қазақстанның су ресурстарын тиімді басқару бағытындағы бастамаларын қолдайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар