жұма, 3 шілде, 2026 16:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада алғашқы көмек көрсету бойынша тегін оқыту өтеді

Астанада алғашқы көмек көрсету бойынша тегін оқыту өтеді
ашық дереккөз
8 шілдеде Астанада кез келген адамға арналған алғашқы көмек көрсету бойынша тегін сабақ өтеді.

Қатысушылар кенеттен жүрек тоқтаған жағдайда қалай әрекет ету керектігін және жүрек-өкпе реанимациясының негізгі тәсілдерін үйрене алады.

Іс-шара 8 шілде күні сағат 15:00-де UMC Жүрек орталығында (Тұран даңғылы, 38, үлкен зал, 1-қабат) ұйымдастырылады.

Оқытуға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Сабақ барысында мамандар жүрек тоқтаған жағдайда алғашқы минуттарда қандай көмек көрсету қажет екенін тәжірибе жүзінде көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қарапайым дағдылар төтенше жағдайда адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Қатысу тегін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар