дүйсенбі, 29 маусым, 2026 9:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қазгидромет" бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" бүгінгі ауа райы болжамын жариялады
istockphoto.com
Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет 29 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус ыстық болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың орталығында 35 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ақтауда жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 36-38 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр, найзағай. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.

Астанада жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытарда бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар