сенбі, 27 маусым, 2026 23:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері 33,5 келі марихуананы анықтады

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері 33,5 келі марихуананы анықтады
istockphoto.com
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері сәлемдемеге жасырылған 33,5 келі марихуананы анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұсталды.

"Полиция қызметкерлері 41 жастағы азаматтың ізіне түсіп, оның Жамбыл облысынан Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырғанын анықтады. Тыйым салынған жүкті тасымалдау үшін жүк тасымалдау қызметтері пайдаланылып, есірткілер қарапайым сәлемдеме ретінде жасырылған", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан сәтінде қылмыс үстінде ұсталды.

Сәлемдемені тексеру барысында полиция қызметкерлері ішінде өсімдік тектес зат салынған екі қапты анықтады. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың кептірілген марихуана екенін растады. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 33,5 келіден асты.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған есірткі партиясы еліміздің батыс өңірлерінде одан әрі таратылуға арналған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар