бейсенбі, 18 маусым, 2026 18:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазгидромет шілде айына ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет шілде айына ауа райы болжамын жариялады
Фото: freepik
Алайда кей күндері аптап ыстық күшейеді.

«Қазгидромет» мамандары шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, бұл ай елімізде жыл ішіндегі ең ыстық кезеңдердің бірі болып, кей өңірлерде экстремалды температура тіркелуі мүмкін

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында орташа температура +18…+23 градус аралығында болады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі.  

Алайда кей күндері аптап ыстық күшейеді.

Солтүстік пен шығыста ауа +42…+43 градусқа дейін жетуі мүмкін. Орталық, батыс және оңтүстік-шығыста +47…+48 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстікте температура тіпті +50 градусқа дейін жетуі ықтимал. 

Сонымен қатар, солтүстік пен шығыс өңірлерде шілде айы ең жаңбырлы кезеңдердің бірі болады. Кей жерлерде бір тәулік ішінде айлық мөлшердегі жауын-шашын түсуі мүмкін. Найзағай, бұршақ және қатты жел жиі байқалуы ықтимал.  

Синоптиктердің айтуынша, таулы аймақтарда бұршақ жауу қаупі де жоғары.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар