Сенат Үкіметтің бюджет есебін тыңдайды: 2025 жылғы қаржы қалай игерілді?
- авторОймақ
- Бүгін, 09:26
- 65
Жоғары палата отырысында өткен жылғы бюджет қаражатының игерілу нәтижелері мен аудит барысында анықталған мәселелер талқыланбақ.
Бұл есептер бұған дейін Мәжілісте қаралған болатын. Сол кезде Қаржы министрі Мәди Тәкиев өткен жылдың қаржылық қорытындылары туралы баяндама жасаса, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерге назар аударған еді.
Сенаторлардың күн тәртібінде тағы бір маңызды мәселе бар. Депутаттар экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіруге арналған заңды қарайды. Құжат қоршаған ортаны қорғау тетіктерін жаңғыртуға, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және экологиялық рәсімдерді оңтайландыруға бағытталған.
Заң аясында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін нақтылау, қоғамдық тыңдаулар рәсімін жетілдіру және кейбір инвестициялық жобалар бойынша экологиялық рұқсаттарды алу мерзімін қысқарту көзделген.
Айта кетейік, өткен аптада Сенат жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдап, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын Қазақстанда құру туралы келісімді ратификациялаған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін 1 млрд доллар қарыз алайын деп отыр
- авторОймақ
- 17 маусым, 2026






