сәрсенбі, 17 маусым, 2026 17:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарттарды ғана аңдыған алаяқтар ұсталды

Қарттарды ғана аңдыған алаяқтар ұсталды
Фото: Politico.kz/Абзал Бахытжанов
Алматыда қарияны ажалға итермелеген ірі интернет-алаяқтар тобы құрықталды. Қылмыскерлер қазақстандық зейнеткерлерді алдап, жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, бұл топ жүйелі түрде тек қарт адамдарды нысанаға алған.

Қылмыскерлер өздерін «полиция қызметкері» немесе «банк өкіліміз» деп таныстырып, зейнеткерлердің сеніміне кірген. Тіпті, кейбір құрбандарды жалғыз баспанасын сатуға үгіттеп, түскен қаражатты өздерінің бақылауындағы шоттарға аудартып отырған.

Қазіргі уақытта 1,5 млрд теңге шығын келтірген қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері толықтай қамауға алынды. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, биыл көктемде Александр Васильевич есімді алматылық зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды. Қаскөйлер оны алдап, жинаған 4 млн теңгесін белгісіз шотқа аудартып алған. Туыстарының айтуынша, қоңырау кезінде алаяқтар қарияға қатты психологиялық қысым көрсеткен болуы мүмкін.

Бар ақшасынан айырылғанын түсінген сәтте атаның жүрегі шыдамай, көшеде есінен танып құлайды. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше ол көз жұмды. Марқұмның жақындары кейін оның қалтасынан ақша аударылғанын растайтын банк түбіртектерін тауып алған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар