Қостанайда бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қызметтік көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған. Желіде видеосы тарады.
“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қызметтік Jac маркалы автокөлік қызметтік жарықтары қосулы күйде қиылыстан өту кезінде маневрдің қауіпсіздігін толық тексермей, жасыл бағдаршамға өтіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан", - делінген полиция хабарламасында.
Апаттан кейін қызметтік көліктегі бес адам қалалық ауруханаға жеткізіліп, бастапқы тексеруден өткен. Ал жарақат алған екі полиция қызметкері әлі ауруханада тексеруден өтіп жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




