дүйсенбі, 15 маусым, 2026 17:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Текелі қаласында 45 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Текелі қаласында 45 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Коллаж: Qaz365.kz
Бұл оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

 

Qaz365.kz осы жағдайға байланысты Жетісу облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай 10 маусымға қараған түні болған.

«10 маусымға қараған түні Текелі қаласындағы үйлердің бірінде 45 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында өлімге әкеп соққан жарақатты жұбайының алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкен кезде салғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы бақылауда және прокуратура органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылуда. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Қорытынды процестік шешім барлық қажетті тергеу іс-шаралары аяқталғаннан кейін қабылданады. Тергеу мүддесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады полиция департаменті.

Бұған дейін «НеМолчи.kz» қоры Текелі қаласының тұрғындары атынан түскен өтінішті жариялаған болатын. Өтініш авторлары қамауға алынған әйелдің көпбалалы ана екенін айтып, оның отбасында ұзақ жылдар бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық болғанын мәлімдеген. Алайда әзірге бұл мәліметтерге құқық қорғау органдары ресми баға бермеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар