жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ертеңнен бастап электронды цифрлық қолтаңба өзгереді

Ертеңнен бастап электронды цифрлық қолтаңба өзгереді
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба беру тәртібіне қатысты құжатқа енгізілетін өзгерістер ертеңнен, яғни 30 сәуірден бастап күшіне енеді. Соған сәйкес, Қазақстан ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшеді.

Жаңа стандарт аясында қазақстандықтар 30 сәуірден бастап электронды цифрлық қолтаңба алғанда жүйеге кіруге арналған AUTH RSA және қол қоюға мүмкіндік беретін RSA файлдарының орнына бір ғана GOST файлы ұсынылады. Бұл файл аталған екі қызметті де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бұл ретте бұған дейін алынған қос файлды электронды цифрлық қолтаңбаны ауыстырудың қажеті жоқ екенін еске саламыз. Олар белгіленген уақыты аяқталғанға дейін жарамды болады. 

"Бүгінгі күні Ұлттық куәландыру орталығы ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда, осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады", – делінген Ұлттық куәландыру орталығының хабарламасында. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар